СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ – ҰЛТТЫҚ АРНАНЫҢ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІНДЕ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қасиетті Қадір кешінде «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфиріне шығып, көрермендерге насихат айтты.

«Қадірлі отандастар! Баршаңызға Қадір кеші мүбәрак болсын! Қадір түнінің ерекшелігі – осы кеште қасиетті Құран аяттарының түсе бастауында. Қадір түні игілікте мың айдан артық. Бұл – 83 жылдан артық мерзім. Бір адамның бүкіл ғұмыры деуге болады. Бұл түнде сауабын бір Алладан үміт етіп құлшылық еткен пенде мол сауапқа кенеледі. Жалпы рамазан айында атқарылатын ізгі амалдың бірі – дұға жасау. Еліміздің амандығы мен тыныштығын Алладан сұрайық. Біздің қоғамда тыныштық болса, дініміз де, дәстүріміз де, тіліміз бен ұлттық құндылықтарымыздың баршасы өркендейтін болады. Алла ізгі ниеттерімізді қабыл еткей», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

ҚМДБ Төрағасы өз кезегінде ұлтымызға ізгілікті насихаттап келе жатқан ұлттық арна басшылары мен ұжымына айрықша алғысын жеткізді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін