Түрік қари: Қазақ жеріне келгеніме шүкіршілік етемін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия елі арасындағы екі жақты келісім нәтижесінде қасиетті Рамазан айында Маңғыстау өңіріне үш қари келген болатын. Олардың бірі Облыстық орталық мешітте бір ай бойы жамағатқа тарауих намазын оқып берді.

Тарауих намазының соңғы күні өкіл имам Смайыл Сейтбеков Мехмет Демир қаридың иығына шапан жауып, қазақтың қара домбырасын тарту етіп, құрмет көрсетті. Түркия елінен келген Мехмет Демир жамағат алдында сөз алып:

«Құрметті жамағат, оразаларыңыз қабыл болсын. Қазақ елінің қонақжайлылығы мен ыстық ықыласы мені тәнті етті. Қазақстан жеріне келгеніме шүкіршілік етемін. Бұл елге алғаш келуім, көрсеткен құрметтеріңіз бен ізгі ниеттеріңізге үлкен рахмет» - деді.

Хатым дұғасына келген жамағат намаз оқып, ел тыныштығы үшін дұға жасады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін