MUFTYAT.KZ САЙТЫ ОҚЫРМАНДАРЫН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

 

Қымбатты оқырмандар, қуанышқа толы Айт мерекесінде Алла Тағала баршаңызды жақсылыққа қауыштырсын!

Қасиетті Рамазан айындағы жасаған құлшылық, сауаптарымыздың тәттілігін жүрегімізді жұмсарту арқылы сездіруін сұраймыз!

Ораза Айты – қуаныштың, шүкіршілік, құлшылық, бауырмашылдық пен ынтымақтың мерекесі. Исі мұсылман адам үшін күні мен түнін құлшылықпен өткеріп, Раббысына бір табан жақындатып, қуанышқа бөлеген қасиетті айдың аяқталуы болмақ.

Ардақты пайғамбарымыз ﷺ:

«Әр үмметтің өз мерекесі бар, біздің мейрам – Айт»,- деген еді.

Рамазан айының соңғы күні ұясына батқан сәттен Айт мерекесі басталады. Осы кезде мерекелік тәкбір айтамыз:

 «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар! Лә иләһә илләллаһ уаЛлаһу әкбар уә лилләһил-хамд»

Әз елші ﷺ:

«Айт намазы оқылып болған соң періште былай дейді: «Раббыларың сендерді кешірді, біліп қойыңдар. Енді үйлеріңе қуанышпен тарқасыңдар. Бүгін сыйлық беру күні». Осылайша аспан әлемінде осы дауыс жаңғырып жатады»,- деген.
Ораза Айты – кешірімге ие болатын күн, ренжіскен жандардың татуласып, үлкендерді зиярат ететін, өзгелерді қуантатын, жетім мен жарым жан жандардың жүзін нұрландыратын, айттайтын күн.
Алла Тағала намаз, оразамызды және Өзінің разылығы үшін жасаған амалдарымызды қабыл етсін!

Ыстық ықыласпен, muftyat.kz сайтының ұжымы

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін