Кезекті «Қайырымдылық жәрмеңкесі»

Қасиетті жұма күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласына мешіттің  әйел-қыздар жамағаты бірлесіп «Қайырымдылық жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Жәрмеңке мақсаты әйел-қыздар өздерінің жасаған қолөнер бұйымдары және әртүрлі дайын тамақ өнімдерімен қоса қайырымды жандардың берген түрлі бұйымдарын  жұма намазына келген жамағатқа  сатып,  түскен қаражатты ауыр сырқаттарға  шалдығып, алыс шетелдерде ота жасатуға мәжбүр болған жасөспірім балалардың емделуіне жәрдем етпек.

«Бұдан бұрын да мешіт ауласына осындай жәрмеңкелер ұйымдастырған едік. Алланың қалауымен бұл күні де  қайырмыдылық мақсатындағы жасаған жәрмеңке саудасы біраз қызды. Енді түскен қаражатты науқас балалардың ата-аналарына табыс етеміз. Бұл біздің ізгі ниеттен шығып жатқан қарлығаштың қанатымен су сепкендей үлесіміз болмақ»,-дейді жәрмеңкені ұйымдастырушы қарындастарымыз.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін