«ИГІЛІК БАСЫ – ЫНТЫМАҚ» дөңгелек үстелі өтті

ҚМДБ-ның Қоғаммен байланыс бөлімі, Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Игілік басы – ынтымақ, Ынтымақты елде – күншуақ» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Облыс мешіттерінің әйел ұстаздары мен шәкірттерінің қатысуымен өткен шарада Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы «Бірлік – берекенің бастауы» тақырыбында жасаған баяндамасы аясында бейбіт өмірдің басты шарты татулықты сақтау екенін түсіндіріп, Пайғамбар өмірінен үлгі боларлық мысалдар келтіріп, көркем мәміледе болуға шақырды.

Бірлікке насихаттаушы игі шарада ұстаздар мен ақ жаулықты аналар бүгінгі күннің басты бүлігі – бөлінушілік, араздық, іріткі салу екенін және олардың қоғамға тигізер залалын жіктеп, өзара пікір алмасып, тарихтағы өнегелі оқиғалар төңірегінде салихалы сұхбат өрбітті.

Сұхбат соңында, өкіл имам бүгінгідей бейбіт заман үшін Алла Тағалаға шүкіршілік айтып, ел бірлігі мен татулығы, келешек ұрпақтың баянды болашағы үшін дұға етті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін