ТҮРКІСТАН:  ОБЛЫС ИМАМДАРЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе ғимаратында  облыс, қала, аудан имамдарының кеңейтілген діни мәжілісі өтті.

Мәжіліс барысында Наурызбай қажы Тағанұлы  қала, аудан имамдарының төрт бағыт  бойынша жұмыстарының есептерін тыңдады.

Мәжіліске арнай келген ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Атынбек Ұтысханұлы имамдарға «Уағызшының сипаттары» жайында әдістемелік дәріс оқыды.

ҚМДБ-ның Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов «Мешіттерді тіркеу және заңдастыру мәселелері» тақырыбы бойынша имамдарға мешіт салу, оны тіркеу заңдылықтарын түсіндірді.

Наиб мүфти қала, аудан имамдарына бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жергілікті ақпарттық-насихат тобының (ЖАНТ) жеке кездесу жұмыстарын жан-жақты дамыту, діни сауат ашу курстарын (ДСАК) күшейту, діни қызметкерлердің діни білімдерін көтеруге арналған курстарды ашып, жүргізу, мешіт тіркеу және мешіттердің мемлекеттік жер телімдері мен өзге де құжаттарын тездетіп діни басқарма меншігіне өткізу сынды айрықша тапсырмаларды міндеттеді. Әсіресе, тамыз айында «Мектепке жол» және Құрбан айт мерекесінде атқарылатын шаралар қатарында «Раббың үшін Құрбан шал» қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды ерекше атап өтті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін