«Зиярат ету қағидалары» атты жаңа кітап жарық көрді

 

Жуырда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Зиярат ету қағидалары» атты жаңа кітап жарық көрді

Кітап «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай баспадан қайта өңделіп, дайындалды. Сондай-ақ, кітапқа зиярат ету ережелері мен тәртіптері, ҚМДБ бекіткен пәтуалар, т.б. құнды дүниелер енгізілген. Кітапты алдағы уақытта орыс және ағылшын тілдеріне тәржімалап шығару көзделуде.

Жалпы,  автордың қаламынан «Ғибратнама», «Ақшам уағыз», «Жұма уағызы», «Бесін уағызы», «Дінбасы», «Әл-Фараби өсиеттері», «Абай өсиеттері», «Мұхтасар», «Намаз үйренейік», «Дін және дәстүр» т.б. кітаптары мен бірнеше ғылыми мақалалар жарық көрген.

Кітап барша дінсүйер қауымға арналған.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін