МАҢҒЫСТАУ: «Баспана – бақыт шамы» жобасы жалғасуда

Маңғыстау облысы мешіттері қайырымдылық шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Облыс, қала, ауылдық мешіттер әлуметтік аз қамтылған отбасыларға қайрымдылық шараларын өткізуде.

Мұнайлы ауданына қарасты «Миғраж» мешіті, «Үммет жастары» қоғамдық-қайырымдылық бірлестігі "Баспана - бақыт шамы" жобасы аясында екінші үйдің құрылыс жұмыстарын толықтай аяқталды. Екінші баспана  жалғызбасты ана Мухаммедова Айсұлуға бұйырды. Игі шараға ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайл Сейтбеков арнайы келіп, жаңа баспана кілтін үй иесіне табыстады.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін