Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдары Астана съезінде

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VI съезіне Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди, проректор, доцент Қайрат Құрманбаев және бөлім басшылары, докторанттар тобы қатысуда. Әлемдік деңгейде бейбітшіліктің орнауына өзіндік үлесі бар дәстүрлі съезде ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди сөз сөйледі:

Экстремистердің мақсаты исламға шақыру емес. Олардың проблемасы тек адамдарды күпірлікпен айыптап, қоғамды құрту емес, ең бастысы қоғамның болмысын, діннің мәнін өзгерту. Ислам – бәрімізге белгілі, бейбітшілік пен мейірімділік діні. Пайғамбардың келу мақсаты да Құранда әлемге мейірім етіп жібергендігі айтылған. Мейірімділік әлбетте, зұлымдыққа, қырып-жоюға түбегейлі қарсы,- деді.

Нұр-Мүбарак университетінің ректоры профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди мырзаның сөзі съезд қатысушыларына ерекше ой тастады. Сондай-ақ бірнеше секциялармен жалғасқан халықаралық жиында Нұр-Мүбарак ғалымдары өз пікірлерін білдіріп, ғылыми тұжырымдамаларына сай  ұсыныстарын да жасады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін