Қызылорда: Өкіл имам оңалту орталығында болды

Бүгін Қызылорда облысының өкілі  Болатбек Ұласқанұлы "UNIVERSITY MEDICAL CENTER" Корпоративтік қорының  Қызылордадағы филиалында қонақта болды. Қызылорда қаласы, Талсуат ауылында орналасқан аталмыш мекемеде мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту шаралары жүргізіледі.

Орталықтың жұмысымен танысу мақсатында арнайы ат басын тіреген өкіл имам мекемедегі қызметкерлерді, ем алып жатқан балаларды зиярат етіп, көңілдерін сұрап қайтты. Сонымен қатар, балалардың ойын ойнайтын бөлмелеріне арналған кілемдерді сыйға тарту етті. Мекеме басшысы  Балзия ханым өкіл имамға балалардың атынан алғысын білдіріп, ілтипатын жеткізді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін