ШҚО: Іс басқару бағытында жиын өтті

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен қала, аудан наиб имамдарының жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті.

Жиында мешіт құжаттарын бірізділікке түсіру, діни қызмет және ҚМДБ басылымдарына жазылу қатарлы мәселелер күн тәртібінде қаралды.

Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы:

«Мешіттегі күнделікті ағымдағы шаруалар, есеп беру қатарлы мәселелерге жауапты наиб имамдарыңдың біліктілігін көтеру, жауапкершілігін арттыру қазіргі таңдағы басты міндеттің бірі. Сондықтан наиб имамдарға іс басқарушылықты қоса жүктеп, осыған байланысты арнаулы семинар ұйымдастырып отырмыз» дей келе, осы бағыттағы міндеттерге кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар алдағы жоспарлы шаралар туралы тапсырмалар берді.

Семинарға Әділет басқармасы, Мемлекеттік кіріс департаменті, «Халыққа қызмет көрсету орталығынан» мамандар қатысып, кеңес берді. Арнаулы орындардан келген мамандарға облыстық мешіт тарапынан «Алғыс хат» табыс етілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін