Семей: Басшыға бағыну береке бастауы

ҚМДБ Семей аймағы бойынша «Әйел қыздар секторы» тұңғыш Президент күніне орай «Басшыға бағыну- парыз» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа орталық мешіт наиб имамы Б.Құмарғазыұлы, мешіт ұстазы Д.Тұрлықожанова қатысты. Сауат ашу курсының шәкірт апайларынан Ф.Елубаева, А.Балабекова тәлім тәрбиеге толы дайындап келген баяндамаларымен бөлісті.

Отбасында болсын, қызмет басында болсын, оқу орнында болсын қысқасы кез келген жағдайда тәртіп керек, тағайындалған басшыңа бағыну керек. Бұл дәстүр күні кешеге дейін қазақ даласында сақталған. Халық даналығындағы «Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без» деп келетін аталы сөздің астарында да осы мән жатса керек. Айналамыздағы қоршаған табиғатты да Жаратушымыз белгілі бір үндестік пен ережеге бағындырып жаратқан. Басшыға бағынудың мәні туралы Бауржан Момышұлы атамыз былай деген: « Тәртіпке бағынған- құл болмас» аталы сөзді оқып, ашық сабақты қорытындылады. Әжелер ақ батасын беріп, елімізге тыныштық, ынтымақ тіледі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін