Шымкент: «А.Қаттани» мешітінде ерекше Мәуліт мерекеленді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде «Берекелі Мәуліт дастарханы» атты рухани шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шараны Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахманов ашып, қасиетті мерекенің мән-маңызына ерекше тоқталды.

Мәуліт мерекесінде «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінің найб имамы М.Тастанбеков Пайғамбарымызға салауаттар оқылып, арнайы мәуліт жыр-дастаны (хұтбасы) оқылды.

Осыған кейін, әйгілі Әл-Азһар универсиетінің түлектері, бүгінде еліміздің мешіттерінде ұстаз һәм имамдық қызметте жүрген «Сейіткәрім қажы»  мешітінің бас имамы Е.Есенгелдиев, «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Д.Туленов, «Халифа Омар мешітінің бас имамы Д.Жұмабековтер жиналған жамағатқа кезек-кезегімен әсерлі уағыз айтты. Бұл имамдарымыздың уағыздарына жамағат дән риза болып тарасты.

Айта кету керек, рухани шара аясында «Абдулхамид Қаттани» мешіті жанындағы «Mumtaz» халал асханасында 120 жамағатқа мерекелік дастархан жайылды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін