Қостанай: Өрттен сақтану жайы пысықталды

Жуырда Арқалық қаласы №2 өртке қарсы мамандандырылған жасағы қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «өрт қауіпсіздігі» бойынша оқу-жаттығулар өткізді. Оқу-жаттығу барысында «Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және шартты өртті сөндіру» тақырыбында өртті-техникалық оқу-сабақтары жүргізілді.   

Тактикалық жаттығу барысында өртті сөндіру, адамдарды құтқару тәсілдері пысықталып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен шұғыл штабтың әрекеттері бақыланды. Арнайы оқу-жаттығуға 10 мамандандырылған жасақ қызметкерлері және екі өрт сөндіру техникасы қатысты.

Сала мамандарының жаттығу-түсіндірмелерін мешіт имамы Б.Уәлиев өз қызметкерлерімен төтенше жағдайлар немесе өрт шыққан кезде қалай дұрыс әрекет жасау керектігін тыңдап, ғимараттағы қосымша көшіру есіктерінің әрқашан ашылып-жабылуы туралы да айтты.

Сонымен қатар ғимарат қызметкерлерінің жедел дұрыс шешім қабылдауы, іс-әрекет жасауға психологиялық тұрғыда дайындығы да ескерілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін