Батыс Қазақстан облысы: Мәуліт – жарылқау айы

БҚО, Теректі ауданының Мәдениет үйінде «Бірлік» қоғамдық бірлестігі және аудандық мешіттің ұйымдастыруымен мәуліт мерекесі аталып өтілді.

Шараға БҚО бойынша өкілінің наиб имамы Ерденбек Иxсанов, аудан әкімі Әділ Жоламанов және теректілік тұрғындар қатысты.

Рухани кеш Алланың қасиетті аяттарымен басталды. «Тулбаев Мухаммед-Ғариф» мешітінің наиб имамы С.Әлібаев Құран оқып, Пайғамбарымызға салауат айтты. Берекелі жиында аудан әкімі Ә.Тауфиқұлы жерлестерін құттықтап, ақ тілегін арнады.

ҚМДБ БҚО бойынша өкілінің наиб имамы Е.Иxсанов Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, ғаламның рахым нұры, барлық пайғамбарлардың соңғысы әрі сардары Мұхаммед пайғамбар және Мәуліт айы жайында баяндады.

Мәдениет үйінің өнерпаздары «Тәубе» атты ғибратты қойылым қойып, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Шара соңында аудандық мешіттің бас имамы Е.Ебелекқажиев тұрғындарға алғыс айтты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін