Павлодар: Өкіл имам бір апта дәріс оқыды

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Бертымұратов Жолдас С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жастар арасында діни сауаттылықты көтеру, лаңкестік пен экстремизмді алдын алуға бағытталған бір апталық  дәрістер оқыды.  

Әңгімелесу форматында өткен дәрістерді университеттің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент ұйымдастырды.

Жолдас Қоспақұлы әрбір дәріс сайын жастарды діни тұрғыда арбаудың алдын алу, экстремистік идеологияға қарсы тұрудағы бірлесіп әрекет етудің маңыздылғын сөз етіп тұрды.

«Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Түрлі діни бірлестіктер бар. Мысалы, мұсылман мешіттері, православ храмдары, католиктік костелдер мен протестанттық үйлер жұмыс істеп тұр. Ал діни сауатсыздық ұлттың жалпы рухани хал-ахуалына, отбасы мен азаматтық қоғам сияқты базалық институттардың сақталуына әсер етеді», - деді өкіл имам.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін