Аягөздік оқушылар жалғыз басты қариялардың қарын күреп берді

Шараға шағын шаһардағы №1 орта мектептің оқушылары белсене қатысып, жалғыз басты қариялардың үйлеріне барып, ұлдар ауланың қарын күреп, от жағысып, қыздар үй ішінің тазалық жұмыстарына жәрдемдесті. «Жасыратыны жоқ, қазір балалардың көбі, балалар түгілі ата-аналардың дені ұялы телефонға шұқшиятыны белгілі. Одан қалса, теледидарға телміреді. Қозғалыс, қимыл аз. Ал таза ауада қолға күрек алып, маңдайдан тер тамшылап, еңбек етудің ләззатын сөзбен жеткізу қиын шығар. Сондықтан оқушыларымызды осы акцияға қатыстыруды жөн көрдік. Бұл бір жағынан, оларды еңбекке баулу, екінші жағынан, тәрбие. Үлкендерді құрметтеуге үйрету», - дейді оқушыларын акцияға апарған ұстаз Балжан Ахметжанова.    

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Медет Мырзыкешов  №1 орта мектеп оқушыларының өткізген қайырымдылық шарасы өзгелерге үлгі боларлықтай іс болғанын айтады.

«Жалғыздық құдайға ғана жарасқан» деген ғой бабаларымыз. Бұл сөздің өміршеңдігін басына түскен жан ғана біледі. Бүгін жас өрендер қайырымдылық деген сөздің мәні мен мағынасына үңіліп, өздері соған тікелей атсалысты», - дейді ол. 
© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін