Түркістан: "Ислам жəне жастар" атты семинар өтті

Сарыағаш қаласында "Ислам жəне жастар" атты облыстық деңгейде семинар өтті. Қоғамды алаңдатқан өзекті мəселелер талқыланған жиынға ауданның бас имамдары мен жастар ісі бөлімінің жетекшілері, сондай-ақ, əкімдіктердің ішкі саясат бөлімінің меңгерушілері қатысты.

ҚМДБ тарапынан арнайы келген наиб мүфти Алау Əділбаев қоғамдағы Исламның рөлі жайында айтты. Ал, ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан экстремизмнің алдын алудағы мүфтияттың тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, өкіл имам Мұсабек Ақтамберді ағымдардың зардабын баяндап берді. Семинарға қатысушылар, яки ішкі саясат бөлімі мен мешіттер өзара ықпалдастықта жұмыс істеуге пейіл білдіріп тарқасты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін