Алматы өңірінде жаңа мешіт ашылды

Алматы облысы, Қапшағай қаласында 700 орындық жаңа мешіт тұрғызылды. Алла үйі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Зәулім ғибадатхана мейрам қарсаңында қала тұрғындарына тамаша тарту болды. Мешіттің құрылысына 7 ай   уақыт жұмсалды.  Мешіт 1,0 мың шаршы метр ауданға орналасты. Оның алтын түстес күмбезі, әрқайсысы 27 метрден асатын екі мұнарасы бар. Мешіттің аумағында кішігірім саябақ, орындықтар орнатылған.

Салтанатты рәсімге ҚМДБ-ның «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет қатысып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ыстық сәлемдемесін жиналанған мұсылман қауымға жеткізді. Игі істе ұйымдастырушылық қабілетін танытқан Қапшағай қалалық орталық мешітінің бас имамы Алдажар Сейітұлына Бас мүфти атынан Алғыс хат табыс етілді.

Қала орталығынан тұрғызылған мешіт өңірдегі ұлтаралық, дінаралық татулықтың тірегі боларына зор сенім білдірілді. Ұлағатты іс шараға Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы, Қазақстан республикасының мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев, Бақытбек Смағұл және  басқа да зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін