ҚМДБ өкілдері Сарыағаш өңірінде

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына арнайы іс сапармен келген ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы  Әділбаев Алау Шайқымұлы, ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді, облыс наиб имамдары Сүлеймен Молдатілеуұлы, Мұстафа Қалжанұлы  әуелі аудан әкімшілігінде аудан әкімінің орынбасары Смаил Тасқұловтың қабылдауында болды. Қабылдауда  аудандағы діни ахуалдың тұрақтылығы жайында сұхбаттасты. Аудан әкімнің орынбасары Смаил Тасқұлов ауданымызға ат басын бұрып келген ҚМДБ-ның өкілдеріне ризашылығын білдіріп және ел игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Cапар жалғасында Сарыағаш қаласындағы Сарыағаш аудандық орталық мешітінде «Ислам және жастар» атты облыстық діни семинарға қатысты. Семинарға облысқа қарасты аудан бас имамдары, жастар ісі бөлімінің жетекшілері, аудан имам-молдалары қатысты.

Әуелі сөз алған Наиб мүфти Алау Шайқымұлы «Қоғамдағы Исламның рөлі» атты тақырыпта баяндама жасады. ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы «Экстремизмнің алдын алудағы ҚМДБ-ның тәжірибесі» атты тақырыпта баяндама жасады. Өкіл имам  Мұсабек Ақтамберді «Ағымдардың зардабы» атты тақырыпта баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар  осындай кездесулер  қоғамның біліктілігі мен білімін арттыру, ақпараттану тұрғысынан пайдасы зор екенін айтты.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін