Ақсақалдар Бас имамға батасын берді

Алматы қаласы мешіттерінен бір топ ақсақал жаңа тағайындалған Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек  қари Шоқайға ақ батасын берді. Қариялар жаңа өкілге қызметін абыроймен атқарып, халықтың діни сауаттылығын арттыруға ат салысуын тіледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта мешіт имамдарына қолдарынан келгенше жәрдемші болатындығын, халықтың арасында қариялардың маңыздылығын ескере отыра діни тұрақтылықты сақтауда, жат ағымның жетегінде кеткендердің бетін бері қарату жолында да өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді. Өкіл имам да өз кезегінде қарияларға алғысын білдіріп, жиі бас қосып отыруды ұсынды.

Қариялар қоғам қазынасы. Өйткені береке үлкендермен бірге болатындығы баршамызға мәлім. «Жақсы қартая білу де өнеге»-деген халқымыздың дана сөзі бекер айтылмаған болса керек сірә. Өнеге болудың бір жолы да ақсақалдардың мешіт жамағатының көркі болып, халықты, жастарды дұрыс жолға бағыттап отыруы десек қате айтпаған болармыз.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін