ҚМДБ-НЫҢ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАМАҒАТПЕН КЕЗДЕСТІ

Наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр жамағатымен кездесті.

Сыр имамдарына семинар өткізген Алау Шайқымұлы облыстық мешітті аралап, орталық жұмыстарымен, тыныс-тіршілігімен танысқан соң, жамағатпен бірге құптан намазын оқыды.

Бұдан кейін жамағаттармен өткен келелі кездесу барысында Алланың сүйікті құлы болған Мұхаммед-тің (с.ғ.с.) дүниеге келуі, пайғамбарлық дәурені туралы өмір-тарихынан сыр шертіп, насихат айтты. Алла Елшісінің ғибратқа толы өмірі мен көркем мінезділігіне тәнті болып, ислам дінін мойындаған түрлі атақты ғалымдар мен өзге дін өкілдерінің пайғамбар туралы айтқан сөздері келтірілген мағлұматтармен бөлісіп, әсерлі оқиғаларын баяндады. Сонымен қатар, мәуліт мерекесінің аталып өтудегі маңыздылығын түсіндірді. Сұхбат соңы сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін