БҚО: Жамағат ұлттық ойынды ұлықтады

Бүгін "Сырым" қоғамдық бірлестігінің жоспарына сайкес "Бір мешіт - бір жамағат" атты аудандық мешіт жамағаты арасында аудандық мешітімен біріге отырып спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Аудан жамағаты ұлттық ойынымыз Асық ату және Олимпиада ойынына кірген спорт түрі үстел теннисінен бақтарын сынады. ҚБ төрағасы Ержан Жұмағожиевтің айтуы бойынша жарыстың мақсаты - аудандық мешіттің жамағатын бірлікке шақыру, ауызбіршілікті нығайту немесе ұлттық құндылығымызды насиxаттау болып табылады.

Аудандық мешіттің бас  имамы Алишер Ералиев  жамағатты ауызбіршілікке шақырып осындай шараларда бірлігімізді көрсетіп бір жамағат болып жүрейік деп насихаттап жəне алдағы уақытта осындай ұлттық ойынымызды насиxаттайтын сайыстар әлі де жалғасын табатындығын жеткізді.  

Асық атудан:

1-орын М.Сағындық,

2-орын Е.Жұмағожиев,

3-орын С.Аманов.

Үстел теннистен:

1-орын Ж.Ерсайынов,

2-орын З.Дәурен,

3-орын Д.Маграшев

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін