Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы дөңгелек үстелінде баяндама жасады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы Достық үйінде «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» тақырыбында Тәуелсіздік күніне және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері қатысқан жиында Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев спикер ретінде қатысып, тәуелсіздіктің еліміз үшін теңдессіз сый екендігіне тоқталды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы ынтымақ, бірлік жайлы мәселелер жайлы айтып, бұл ұлы құндылықтардың мемлекет дамуындағы маңызына жан-жақты тоқталды. Дөңгелек үстелге Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы, ҚХА Алматы қалалық хатшылығының меңгерушісі Балғымбаев Назар Албанұлы, Алматы қалалы Мәслихатының депутаты, ҚХА мүшесі Байрамуков Ислам, т.б. зиялы қауым, түрлі ұлттар мен этнос өкілдері қатысты.   

Сондай-ақ шара барысында Алатау дәстүрлі өнер театры мен  А.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының өнерпаздары өнер көрсетті.

Шара соңында бірқатар азаматтар мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне, еліміздегі қоғамдық келісім мен татулықты, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбектері мен қосқан сүбелі үлестері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін