Шымкент: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 35 отбасыға азық-түлік таратылды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешітінің ұйымдастыуымен қайырымдылық шарасы болып өтті.

Қайырымдылық шарасы барысында тұрмыс жағдай төмен отбасы 35 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда ұн, қант, күріш, макарон, тұз, шәй, 5 литр өсімдік майы т.б.

Аталмыш шара барысында мешіт имамы Ғалымжан Назаров, наиб имамы Манас Құрбанбековтер сөз сөйлеп, асыл дініміз жайлы уағыз, әрбір қиындық соңында еселеп қуаныш болатыны туралы уағыз айтты.  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін