Павлодар: «Тағам» асханалар желісінің асханасына «Халал» куәлігі табыс етілді

Жұма намазы уағызынан  кейін облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесінде орналасқан «Тағам» асханалар желісінің асханасына ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Халал» куәлігін табыс етті.

Куәлікте Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі,82-үйде тіркелген Асхананың өнімдері 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, тасымалдауға сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай екендігін растайды деп жазылған.

Азық-түлік тұтынушыға жеткенге дейінгі  сатып алу, қабылдау, әзірлеу, сақтау және тарату барысындағы (не болмаса азық-түлікке қатысты ақпараттар мен құжаттарға қатысты) барлық процесстер Тағам Қауіпсіздігі Менеджменті Жүйелерінің және шариғаттың жалпы талаптарына сай болуға тиіс.

Алдағы уақытта да өңірлердегі «Тағам» асханалар желісінің 14 нүктесі ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның қатаң бақылауында болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін