Шымкент: Наиб мүфти мешіт жамағатымен кездесті

ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев  Шымкент қаласына арнайы келді.

Кездесу барысында наиб мүфти Алау Шайқымұлы Еңбекші ауданы «Имам Ағзам» мешітінде бесін намазында болып, мешіттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, жамағатты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың аңсап өткен биік арманы. Біз оны сақтап, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыруымз қажет. Мерейлі мерекеміз құтты болсын!», - деді наиб мүфти.

Іс-сапар барысында наиб мүфти Алау Шайқымұлы мен өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев Әл-Фараби ауданы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешіті жанындағы ДСАК жұмысымен танысты.

Шәкірттерге діни білім алудың маңыздылығы мен оған амал ету жөнінде әңгімелеп берді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін