Қызылордада А.Ұтысханұлының қатысуымен тренинг өтті

Қызылорда қаласында «Экстремизмді насихаттаумен күресті және толеранттылықты дамытуға арналған заманауи құралдар» тақырыбында имамдарға арналған тренинг өтті.

Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог құру мақсатында өткізілген тренингке ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Б.Абуов және қала мешіттерінің имамдары, сонымен қатар, «Терроризмге қарсы күрес комитеті» РҚБ Президиум Төрағасы А.Уразбаев, «Терроризмге қарсы күрес комитеті» РҚБ оңалту әдістемелік-оқыту орталығының басқарушысы М.Мадияров және Дін істері Басқармасының өкілі қатысты.

Тренинг барысында мамандар деструктивті ағымдармен жұмыс жүргізудің заманауи әдіс-тәсілдерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін