Ақтөбе: Интеллектуалды сайыстың II-кезеңі аяқталды

Ағымдағы жылдың 7-наурызы күні Ақтөбе қаласы мешіттерінің шәкірттері интеллектуалды білім сайысының 2 кезеңін аяқтады. Сайыстың екінші кезеңі шариғат пәндері (фиқһ, ақида, ислам тарихы), қазақтың салт-дәстүрі және ҚР заңнамалары аясындағы сұрақтарға ауызша жауап беруімен ерекшеленді. Жастардың ілімін бағалауда «Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Н.Смағұлов, Қ.Дәрменов, М.Орынбай және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы А.Хусаинов қазылық етті. Сайыс қорытындысы бойынша 8 шәкірт ақтық кезеңге жолдама алды. Ал белсенділік танытқан 12 шәкіртке ынталандыру сыйлығы ретінде әр қайсысына «Дін мен дәстүр» кітабының 1 томы, «Жаназа және жерлеу рәсімдері» мен «Ақида мәтіндері» кітаптары табыс етілді. Аталмыш шара "Жастар жылы" аясында ұйымдастырылуда. Ақтық кезең кең ауқымды аудиторияда әр түрлі форматта өтетін болады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін іріктеу сайысы өтіп, оған 54 адам қатысқан болатын. Алғашқы кезеңде топ жарған 20 шәкірттен 8 адам II-кезеңдегі сайыста ақтық мәреге жолдама алды. Ендігі кезекте финалға шыққан 8 шәкірт өзара жеңімпазды анықтайтын болады.

Сайыстың іріктеу кезеңінің мына сілтеме арқылы көре аласыздар: http://nurgasyr.kz/index.php/news/3230-2019-02-22-19-57-40

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін