ШҚО: Күршімде «Әжелер форумы» өтті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында «Әжелер форумы» ұйымдастырылды. Аталған шараның өткізілуіне «Күршім аудандық мешіті» ат салысты.

Аудан басшылығы, мекемелердың қызметкерлерімен әжелер қатысқан алқалы шарада Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы сөз сөйледі.

Ол:

«Қазақ халқының дәстүрлі тәрбиесінде әжелер мектебінің алар орны ерекше. Бүгінгі шараның мақсаты асыл әжелердің ұлағатын жастарға насихаттап, ұлттық тәрбиенің құндылықтарын жалғастыру болып отыр. Әженің тағылымды тәрбиесін алған балалар арлы, иманды, өнегелі болып өседі. Сондықтан ұлттық тәрбиенің осындай құндылықтарын танытуға барынша мән беру маңызды» дей келе, тағылымды насихат айтты.

Жиында қоғам қайраткерлелері, әжелер, жастар сөз алып, ұлттық тәрбиенің артықшылығына жан-жақты тоқталып, құнды ой-пікірлерін ортаға салды.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін