Түркістан: Тазалық апталығы

Түркістан облысындағы барлық мешіттерде тазалық жүргізу мен көшет отырғызу науқаны жүріп жатыр. Дін қызметкерлеріне бұл істе жамағат, «діни сауат ашу» курстарында оқып жүрген шәкірттер мен студенттер қолғабыс етуде.

Өңірдің күнгей бетіндегі мешіттердің іші-сырты тазартылып болды. Енді мазараттарда сенбіліктер басталды.

Жалпы 700-дей мешітте мыңнан астам көшет отырғызылды. Оның ішінде қылқан жапырақты талдар мен жеміс ағаштары бар.

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін