Атырау: АНА ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

«Ана отбасының ұйытқы берекесі». Осындай тақырыппен орталық «Иманғали» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Атырау өкілдігі "Әйел-қыздар" секторына қарасты Әжелер мектебінің ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы қатысып, аналардың қоғамдағы, отбасындағы роліне тоқталып өтті.

«Исламда әйел-ананың есімі қашан да құрметпен аталады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі ер адамдарға əйел — Алланың үлкен сыйы деп үйреткен. Ислам отбасында əйел — ең бірінші кезекте, ерінің аяулы, адал жары жəне отбасының ұйтқысы. Отбасындағы қатынас — өте бір нəзік тақырып. Ер азамат отбасының тірегі, ал əйел — ошақ қорғаушысы. Отбасылық құқықтары мен міндеттері сақталған жанұя қашанда бақытты. Сондықтан отбасында, бала тәрбиесінде ананың алар орны ерекше», - деп атап өтті Бас имам өз сөзінде.

Әйел ананың отбасындағы, қоғам дамуындағы ролі, қазіргі қоғамдағы дәстүрлі қазақ тәрбиесі кеңінен талқыланған жиында Жібек қажы Тулеушева, Тұрсын қажы Адаева сөз сөйлеп, өзекті тақырыптарды ортаға салды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін