Шымкент: Жастар орталық мешітте ағаш отырғызды

Дәстүрлі түрде өтетін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Ағаш - ел дәулеті, жер сәулеті" атты жобасы аясында ағаш егу шарасы ұйымдастырылуда.

Бүгін, Шымкент қаласы орталық мешіттің наиб имамы Бекайдар Әміре, Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы бастаған ұжым орталық мешіт ауласында 50 түп жеміс ағаштарын отырғызды.

Шариғатымыз бен ата дәстүрімізде табиғатты аялап, күтіп, баптау, гүлдендіріп  абаттандыру сауапты амал болып саналады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін