Талдықорған: Жамағатқа ауызашар берілді

Талдықорған қаласы, Еркін мешітінің бас имамы Омар Хадыс Ережеп айының алғашқы дүйсенбісінде ораза ұстаған жамағатқа мешіт жанында орналасқан «Әмина» тойханасында ауызашар беруді ұйымдастырды.

Аталған ауызашарға қала аумағында орналасқан бес мешіттің ораза тұтқан жамағаты шақырылды. Шара барысында Сауат ашу курсын бітірген 80 шәкірттің сертификаты табысталды. Арнайы шақырылған қонақтар арасынан Мұхаммед Өрдебай уағыз жүргізді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін