700 келіге жуық азық-түлік жеткізілді

Ақпан айының алғашқы аптасында қала мешіттеріндегі қайырымдылық шаралары аясында 13 отбасыға көмек берілді.

ҚМДБ жастар ісі секторының облыстағы жауапты өкілі, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы мен қалалық орталық мешіттің наиб имамы Шынболат Үмбетов Жаңақоныс мекеніндегі жағдайы төмен отбасылармен кездесті. Осы елді мекенде тұратын 10 отбасыға қайырымдылық көмек ретінде 557 келідей азық-түлік берілді. Игі іске жергілікті кәсіпкерлер демеушілік еткен.

Ал қалалық орталық мешітінің Бас имамы Амантай Садиев пен алқа мәжілісінің мүшелері әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасының қал-жағдайымен танысып, 150 келіге жуық азық-түлік үлестірді.

Қайырымлыдыққа кенелген отбасылар мешіт ұжымдарына, атсалысқан азаматтарға зор алғыс білдіріп, Аллаға шүкіршілік айтты.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін