Наиб мүфти Алау Әділбаев Өскеменде

Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен және ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ат салысуымен Өскемен қаласында «Жастардың рухани адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» атты тақырыпта семинар-тренинг-конференция болып өтті.

Айтулы шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мамандар сонымен қатар «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид ал-Жинди және белігілі дінтанушы ғалымдар, имамдар, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері және жастар қатысты.

Алқалы шарада наиб мүфти Алау Әділбаев  жиынға қатысушыларға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің сәлемін жеткізіп, қазіргі таңда жастарды адамгершілікке баулу, рухани кемелдігін толықтыруы турасында баяндама жасады.

Наиб мүфти өз сөзінде:

«Жастарды исламмен үндескен ұлттық тәрбие аясында тәрбиелеу ең өзекті мәселе. Елбасымызда жастар тәрбиесіне аса мән бергендіктен биылғы жылды Жастар жылы деп жариялап отыр. ҚМДБ тарапынан да «Ислам және жастар» деген тақырыппен бірқатар аса маңызды шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр» дей келе, рухани тәрбиеге қатысты сүбелі ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, жиында «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид ал-Жинди сөз сөйлеп, осынау атаулы жиынды өткізіп отырған облыс басшылығына, Діни басқармаға алғысын жеткізіп, тағылымды насихат айтты.

Республикалық маңызды жиында дінтанушы ғалымдар жастардың рухани тәрибесіне қатысты құнды пікірлерімен бөлісті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін