Наиб мүфти жұма уағызын жүргізді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев облыстық «Халифа Алтай» мешітіне жиналған жамағатпен кездесіп, жұма уағызын жүргізді.

Наиб мүфти асыл дініміздегі асыл қасиеттерге тоқтала отырып, Алла Елшісінің ғибратты тағылымдарын жеткізді.

Наиб мүфти:

«Адамда болатын асыл қасиеттің бірі-шындық. Ең алдымен Алла Тағала ақиқатқа аса маңыз беріп, сөйлеген кезде тек шындықты айтуды үкім еткен» дей келе, адамгершілік құндылықтарға ерекше тоқталды.

Жиналған жамағат наиб мүфтидің насихатын ұйып тыңдады. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін