РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ДӘРІПТЕУДЕН БАСТАЛАДЫ

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, облыстық әйелдер-қыздар секторы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ерекше көрме ұйымдастырды. Аталмыш көрме Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруды көздеді.

«Қазақтың ұлттық бұйымдары» атауымен өткен көрмеге әйелдер-қыздар жамағаты ата-бабаларымыздан аманат болып келе жатқан ұлттық бұйымдарды ұсынды. Соның ішінде ұлттық әшекейлер, ою-өрнекті ыдыс- аяқтар, төсеніштер, ұлттық өнер аспаптары, ұлттық киімдер жамағатқа таныстырылды.

Облыстағы әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Файзуллина Маралдың айтуынша, жамағаттың ұлттық бұйымдарға деген ерекше ықыласы мен қызығушылығы барынша басым болды.

Өкілдік тарапынан алдағы уақытта да Елбасы мақаласын дәріптеу, насихаттау, жүзеге асыру бағытында түрлі форматта шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін