Белгілі қазақстандық велосаяхатшы Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласына жетті

Белгілі қазақстандық велосаяхатшы Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласына жетті.
Талғат Жұмағұлов 2018 жылғы 30 желтоқсанда велосипедпен Шымкент қаласынан шығып Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Рияд қаласына жетті. Велосаяхатшы Сауд Арабиясына жету жолында Өзбекстан, Түркменстан, Иран жəне Біріккен Араб Əмірліктер арқылы 4800 шақырымды өткен.

Бұған дейін бүкіл Еуропаны жүріп өткен отандасымыз осы сапары барысында мұсылмандардың киелі қалалары Мекке жəне Медина қалаларына барып умра жасамақшы.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін