Серікбай қажы Ораз: ОЙ МЕН ТІЛ ТҮЗЕЛСЕ – ҚОҒАМ ТҮЗЕЛЕДІ (ФОТО)

Астанадағы Гуманитарлық заң колледжінің студенттерімен жүздескен ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз осылай деді.

«Кез келген адамның ойына алған дүниесі тілінде көрініс табады. Демек, не ойласақ, соны айтамыз. Жақсы ойлы адамның тілінен жақсы сөз шығады. Ой мен тіл түзелсе – қоғам түзеледі. Сондықтан, бауырың немесе туысың туралы жақсы ойда болу керек. Адам баласы бауырының бойынан нені көргісі келеді – соны көреді. Егер біз біреудің бойынан мін тапқымыз кеп, соны іздесек, әрине біздің көзімізге оның тек кемшіліктері ғана көрінеді. Өйткені, миға осындай жағымсыз ақпарат беріліп қойды. Барлық адамда кездесетін қарапайым мысал: көлік немесе киім алуды ойласақ, ойға алған көлік пен киімді көшеден жиі кездестіреміз. Басқа нәрсе көрінбеуі мүмкін, алайда ойлаған дүниеміз көз алдымыздан кетпей тұрады. Жақсы ойдың өзі – құлшылық деп атап өтті», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін