Талдықорғанда  сайыс өтті

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторы орталық «Иман» мешітінде өңірдің әйелдер-қыздар секторы мен дін істері басқармасының оңалту орталығы бірлесіп «Үлгілі жар, келін және ана» тақырыбында байқау өтті. Өңіріміздің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының ұйытқы болуымен өткен байқау бірнеше кезеңнен тұрды.        

Дәстүрлі дініміз дәріптелген байқауда бас жүлде А.Садыбекова бұйырды. Бірінші орынды Г.Сатыбалдиева, екінші орынды З.Нұралбекова, үшінші орынды Ж.Сырлыбаева иеленді. Және де білімдері мен дәстүрді жетік білуімен көзге түскен қатысушылар «Үлгілі ана», «Үлгілі жар», «Үлгілі келін», «Көрермен көзаймы» атты номинациялармен марапатталды. Топтан оза шапқан жеңімпаздарға диспенсер, қысқа толқынды пеш, шаңсорғыш, тігін машинасы және т.б. бағалы сыйлықтар табыс етілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін