Павлодар: Спорт – денсаулық кепілі

15  - наурыз күні Ақсу қалалық мешіті жамағаттың арасында шағын футбол турнирі өткізілді. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, Ақсу қалалық мешітінің Бас имамы Абдімүтәліб Омаровтың ұйымдастыруымен әр Жұма күнінің кешінде қалалық 2 мектептің дене шынықтыру залында  мешіт жамағаты футбол ойнап келеді

Барлығы 5 команда қатыстып,  женімпаздарға мақтау қағаздары, медальдар, кубок және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Ал, Павлодар ауданы, Чернорецк ауылы «Абу Шахман» мешітінің имамы Әлен Бауыржанның ұйымдастыруымен «Жастар – болашағымыз 2019» атты жастар арасында волейболдан спорттық турнирін өткізілді. Аталмыш жарысты ұйымдастырудың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Ойынға жергілікті аудан арасынан 10 команда қатысып,  бақ сынасты. Әр команда ойын барысында өнерлерін көрсетіп, барынша күш-жігерлерін аямады. Нәтижесінде;

І орынға Чернорецк командасы, жеңімпаз кубогы мен 15 000 теңге

ІІ орынға Набережный командасы, 10 000 теңге

ІІІ орынға Кеңес командасы иеленіп, 7 000 теңге берілді.

Алдағы уақытта да жастар арасындағы спорттық ойындарды жиі өткізіп тұру біздің басты мақсаттарымыздың бірі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін