ШЫМКЕНТ: «Өткенге құрмет- елге міндет» атты зират орындарын тазалау һәм абаттандыру шарасы өтті (ФОТО)

Бүгін әз наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Өткенге құрмет- елге міндет» атты мұсылман зират орындарын тазалау һәм абаттандыру шарасы ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына жергілікті әкімдік өкілдері мен қалалық тазалық мекемелері,  жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының белсенділері мен өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы бастаған мешіт имамдары мен қала тұрғындары қатысты.

Ұйымдастырылған шараға үлкен қолдау ретінде қала әкімдігі тарапынан арнайы қоқыс таситын техникалар бөлінді.

Сондай-ақ, қабірге зиярат етіп елуші азаматтарға ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің тарапынан қабылданған қабірге зиярат ету ережелері мен тәртіптерін біліп жүру үшін 36 орында «Қабірді зиярат ету әдептері» атты тақтайшалар орнатылды.

Шара аясында қалаға қарасты 36 зират орындары тазаланып, оған жалпы саны 25 мың адам қатысты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін