Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралады (ФОТО+ВИДЕО)

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Алматы ауданындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралап көрді.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысымен және алдағы жоспарымен танысты, сондай-ақ қызметкерлермен әңгімелесті.

" Сіздердің жұмыстарыңыз үшін барлық жағдай жасалды. Біз сіздермен бірге халықтың игілігі үшін еңбек етеміз. Егер мемлекетте бірлік пен келісім болмаса, ондай елдің болашағы жоқ", – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, Діни басқарманың жұмысына табыс тіледі.

***

«Нұрлы Астана» корпоративтік қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа ғимаратының құрылысын 2015 жылдың қазан айында бастап, 2018 жылғы желтоқсанда аяқтады.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін