Қостанай: Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

Жақында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының «Жастар және салауатты өмір салты» айлық жоспарына сәйкес, Наурыз мейрамы қарсаңында ата-бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз – ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Оған қатысушылар «Қол күрес», «Арқан тарту», «Гір тасын көтеру», «Асық ату» сияқты спорт түрлерінен бақ сынасты. Жиналған жұрттың арасынан мықтылар суырылып шығып, тамаша ойын үлгісін көрсетті.

Жеңімпаздар арнайы жүлделер мен ақшалай сыйлықтармен  марапатталды.

Сонымен қатар, әр жұма сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Қайырымдылық жәрмеңкесі» халқымыздың ұлы мерекесі – Наурыз мейрамының құрметіне арналды.

Жәрмеңке аясында барша қонақтарға мешіт тарапынан қыстың қымызы «Құрт көже» үлестіріліп, мешіттің әйелдер жамағаты мен шәкірт қыз-келіншіктеріміз дайындаған түрлі тағамдар төмен бағамен сатылса, 600 адам Фаттах қажы дәмі тіл үйіретін палауынан дәм татты.

«Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі» - демекші, жастарымызға қолөнердің қыр-сырымен, жасалу әдіс-тәсілімен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» таныстырды. Осынау «Қолөнер» үйірме жетекшісі Айдын Диханбаев өз ойымен бөлісті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін