Қостанай: «Нұр» мешітінің жаңалықтары

«Жастар жылы» аясында Рудный қалалық «Нұр» мешітінде мешіт шәкірттері арасында сайыс өтті. Жарысқа Рудный қалалық «Нұр» мешітінің шәкірттері, Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті және Қашар кенті «Кәмшат ана» мешітінің шәкірттері қатысты. Жарыс соңында 1 орынды Қостанай облыстық мешітінің шәкірттері, екінші орынды қалалық «Нұр» мешітінің шәкірттері, ал үшінші орынды «Кәмшат ана» мешітінің шәкірттеріне иеленді.

Қасиетті жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Зекет қорының ұйымдастыруымен өткен бұл жәрмеңкеден түскен қаражатты қайырымдылық ретінде Рудный қаласындағы денсаулығы нашар баланың емі үшін берілді.

Өткен аптада «Жастар жылы» аясындағы қаладағы «Олимп» спорт кешенінде мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өткізілді.Бұл жарысқа келген барша жамағатқа мешіттің наиб имамы Ерлан Өмірбекұлы жалпы салауатты өмір салтының тигізер пайдасы мен денсаулыққа ерекше ықпалы жөнінде өз көзқарасын білдірді. Спорттың футбол түрінен өткізілген жарыста барлық командалар жақсы жағынан көзге түсуге талпынды. Оның қорытындысы бойынша жүлдегерлерге құрмет көрсетіліп, оларға мақтау қағаздары салтанатты түрде тапсырылды.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін