Алматы өңірінде Қарттар үйіне наурыз көже берілді

Наурыз - халықтың рухын көтеріп, мәдениеті мен әдет-ғұрпын, дәстүрін жарқырата көрсететін өнегелі халықтық мейрам. Осы мерекеде ұлтымыздың нақыштары анық байқалып, киіз үйлер тігіліп, қазандарда наурыз көже піседі. Мерекеге жиылған қауым бір-бірімен жүздесіп, ренжіген жағдайлары болса, кешірім жасайды.

Наурыз мерекесінің қарсайында Алматы облысындағы «Мирный» қарттар үйінде қайырымдылық дастарханы жайылды. Ұлағатты қайырымдылық іс-шараға Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, қариялар қауымын Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Осы мерекеге орай Алматы өңірінің зекет қоры өкілдігінің қолдауымен қарттар үйі асханасына күрделі сырлау жұмыстары жасалынып, толық пайдалануға берілді. Бұл жиында «Әл-Фараби» атындағы арнаулы дарынды балалар гимназия оқушылары мерекелік қойылым көрсетіп, Алмалыбақ ауылдық мешіті жамағаты қарияларға арнайы наурыз көже даярлап, кейуаналардың батасын алды.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін