Атырауға Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Галиб Акын келді

Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Галиб Акын Атырауға келді. Мәртебелі мейманды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысындағы өкілі, мұнайлы өлкенің Бас имамы Батыржан Мансұров қарсы алды. 
Діни білім беруге байланысты, Түркия мен Қазақстан арасында арнайы меморандумға қол қойылғаны белгілі. Осы ретте, еліміздің әр түкпірінде мешіт, медреселерде Түркиядан шақыртылған ұстаздардың сабақ беріп жатыр.

Галиб Акынды Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен шақыртылған орталық "Иманғали" мешітінің ұстазы Хусейн Кая және Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы Сарайшыққа алып барды. Қасиетті Сарайшық қаласының тарихымен танысқан Галиб Акын Атырау өлкесінің бай тарихы туралы кеңірек ақпарат алды. Сондай ақ, орталық "Иманғали" мешітіне жамағатпен бірге намазға қатысты.

Мәртебелі мейман бүгін Атырау қаласындағы Балықшы елдімекенінде орналасқан медресе - қайырымдылық қорына барып, шәкірттермен жүздеседі деп күтілуде.

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін