Атырау: Бас имам мұқтаж отбасыға пәтер кілтін тапсырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров Индер ауданына сапар аясында асыраушысынан айрылған мұқтаж отбасына пәтер кілтін табыс етті.

Баспана кілтін тапсырып тұрып, Бас имам Батыржан Берденұлы мұсылманның мұсылманға бауыр екендігін, әр қайырымды істің артында сауап жатқанын атап өтті.

Осыдан екі ай бұрын Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Индер аудандық Әйіп қажы мешіті мұқтаж отбасына баспана алу мақсатында қаржы жинай бастаған болатын. Екі ай ішінде тиісті сома жиналып, мешіт жамағатының және Индер халқының қолдауымен мұқтаж отбасыға екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды.

Жұбайынан айрылған Нұргүл Нұрсейітова бес баланың анасы. "Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровқа, Әйіп қажы Индер аудандық мешітіне, жергілікті жамағатқа, ауылдастарыма Алла разы болсын. Балаларым өз үйіміздің бар екеніне әлі сене алмай, қуанып жүр" дейді көп балалы ана Нұргүл Нұрсейітова.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін