Маңғыстау: Наурыз мерекесі аталып өтті

Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық мәдениет үйінің алаңында түрлі мекемелер тарапынан тігілген он алты киіз үйдің қатарында Мұнайлы аудандық мешіттерінің ұйымдастыруымен тігілген киіз үй орын алып, мешіт қызметкерлері ұлттық мерекемізді дәріптеуге өз үлестерін қосты.

Мерекелік шарада мешіт тарапынан тігілген киіз үйде дастархан жайылып, халыққа наурыз көже, палау сонымен қатар ұлттық тағамдар мен сусындар мереке қонақтарына таратылды. Ұлттық киім киген ақсақалдарымызбен ақ жаулықта апаларымыз салт-дәстүріміз жайлы жастарға мағыналы сұхбат айтып мерекенің сәнін келтірді.

Сонымен қатар ұлттық ойындарымыз насихатталып, жастар гір тасын көтеруден, арқан тартыстан, қол күресінен жарысқа түсіп, жүлделі орындар марапатталып, сыйлықтар таратылды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін